Бактоклав в таблетках — инструкция по применению

Инструкция по применению бактоклава в таблетках, описание действия препарата, показания к применению таблеток бактоклава, взаимодействие с другими лекарствами, применение бактоклава (таблетки) при беременности. Инструкции:
Торговое название:
Бактоклав - 375, Бактоклав - 625, Бактоклав - 1000
Международное название: Нет
Лекарственная форма: Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Показания к применению:
Атс классификация:
J Противомикробные средства для системного применения
J01 Антибактериальные средства для системного применения
J01C Бета-лактамные антибиотики, пенициллины
J01C R Комбинации пенициллинов, в том числе с ингибиторами бета-лактамаз
Фарм. группа:
Бета-лактамные антибактериальные препараты. Пенициллины в комбинации с ингибиторами бета-лактамаз. Код АТС J01CR02
Условия хранения:
Хранить в сухом, защищенном от света, месте, при температуре не выше 250 С. Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения:
2 года. По истечении срока годности не применять.
Условия продажи:
По рецепту
Описание:
Белые или почти белые овальные таблетки, покрытые оболочкой, с риской на одной стороне (для дозировок 375 мг и 675 мг). Белые или почти белые овальные таблетки, покрытые оболочкой, с риской на обеих сторонах (для дозировки 1000 мг).

Состав бактоклава в таблетках

Одна таблетка содержит
Бір таблетканың құрамында

Активное вещество бактоклава

амоксициллина тригидрат 300,0, 600,0 1000,0 мг (эквивалентно амоксициллину) – 250 мг, 500 мг, 875.0 мг соответственно, калия клавуланат и целлюлоза микрокристаллическая (1 : 1) – 328,125мг
300,0, 600,0, 1000,0 мг амоксициллин тригидраты (амоксициллинге баламалы) – тиісінше, 250 мг, 500 мг, 875,0 мг, калий клавуланаты және микрокристалды целлюлоза (1 : 1) – 328,125 мг

Вспомогательные вещества в бактоклаве

целлюлоза микрокристаллическая, магния стеарат, кремния диоксид, тальк, пропиленгликоль, диметикон, натрия крахмала гликолат, состав оболочки: гидроксипропилметилцеллюлоза, пропиленгликоль, этилцеллюлоза, тальк, титана диоксид
микрокристалды целлюлоза, магний стеараты, кремнийдің қостотығы, тальк, пропиленгликоль, диметикон, натрий крахмал гликолаты, қабықтың құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза, пропиленгликоль, этилцеллюлоза, тальк, титанның қостотығы

Показания к применению таблеток бактоклава

  • инфекционные заболевания верхних дыхательных путей (острый и хронический бронхит, пневмония, эмпиема плевры)
  • средний отит
  • синусит
  • инфекции мочевыводящих путей (в т.ч. цистит, уретрит, пиелонефрит)
  • инфекции костной и соединительной тканей (в т.ч. хронический остеомиелит)
  • инфекции кожи и мягких тканей (флегмона, раневая инфекция)
  • жоғары тыныс жолдарының жұқпалы ауруларында (жедел ағымды және созылмалы бронхитте, пневмонияда, плевра эмпиемасында)
  • ортаңғы отитте
  • синуситте
  • несеп шығару жолдарының жұқпаларында (оның ішінде циститте, уретритте, пиелонефритте)
  • сүйек және дәнекер тіндердің жұқпаларында (оның ішінде созылмалы остеомиелитте)
  • тері мен жұмсақ тін жұқпаларында (флегмонада, жара жұқпаларында)

Противопоказания бактоклава в таблетках

  • повышенная чувствительность к амоксициллину, клавулановой кислоте или пенициллинам (в т.ч. к цефалоспоринам и др. бета-лактамным антибиотикам)
  • холестатическая желтуха, гепатит или другие тяжелые нарушения функции печени
  • инфекционный мононуклеоз (в т.ч. при появлении кореподобной сыпи)
  • возраст младше 12 лет (с массой тела менее 40 кг)
  • I триместр беременности и период лактации
  • амоксициллинге, клавулан қышқылына немесе пенициллиндерге (оның ішінде цефалоспориндерге және басқа бета-лактамды антибиотиктерге) сезімталдық жоғары болғанда
  • холестатикалық сарғаюда, гепатитте немесе бауыр қызметінің басқадай ауыр бұзылуларында
  • жұқпалы мононуклеозда (оның ішінде қызылшаға ұқсас бөртпелер пайда болған кезде)
  • 12 жасқа толмағандарға (дене салмағы 40 кг-нан төмен)
  • жүктіліктің I триместрінде және лактация кезеңінде

Побочные действия таблеток бактоклава

  • потеря аппетита, возможны тошнота, рвота, диарея
Редко
  • нарушения функции печени, повышение активности АЛТ и АСТ
  • развитие суперинфекции
  • кандидоз
  • ангионевротический отек, анафилактический шок
Очень редко
  • холестатическая желтуха, псевдомембранозный колит
  • эритематозная сыпь, зуд, крапивница
  • мультиформная эритема
  • эксфолиативный дерматит
  • обратимое увеличение протромбинового времени (при совместном применении с антикоагулянтами)
  • тәбеттің жоғалуы; жүректің айнуы, құсу, диареяның болуы мүмкін
Сирек
  • бауыр қызметінің бұзылуы, АЛТ және АСТ белсенділігінің жоғарылауы
  • супержұқпаның дамуы
  • кандидоз
  • ангионевротикалық ісіну, анафилактикалық шок
Өте сирек
  • холестатикалық сарғаю, псевдомембранозды колит
  • эритематозды бөртпе, қышу, есекжем
  • мультиформалы эритема
  • эксфолиативті дерматит
  • протромбин уақытының қайтымды түрде артуы (антикоагулянттармен біріктіріп қолданған кезде)

Особые указания к применению

С осторожностью назначают препарат пациентам, склонным к аллергическим реакциям, а также пациентам с известной повышенной чувствительностью к антибиотикам цефалоспоринового ряда, так как существует риск развития перекрестной чувствительности. В связи с тем, что у большого числа пациентов с инфекционным мононуклеозом и лимфолейкозом, получавших ампициллин, наблюдали появление эритематозной сыпи, применение антибиотиков группы ампициллина у таких пациентов не рекомендуется.

Влияние на результаты лабораторных тестов
При применении Бактоклава возможна ложноположительная реакция при определении уровня глюкозы в моче при использовании реактива Бенедикта или раствора Феллинга (рекомендуют применять ферментативные реакции с глюкозооксидазой).

Беременность и период лактации
Применение во II - III триместре беременности возможно только по строгим показаниям или при угрожающих жизни состояниях, когда предполагаемая польза для беременной превышает возможный риск для плода.

Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Учитывая побочные действия лекарственного средства следует соблюдать осторожность при управлении автотранспортом или потенциально опасными механизмами.
Препаратты аллергиялық реакцияларға бейім емделушілерге, сондай-ақ цефалоспорин қатарының антибиотиктеріне сезімталдығы жоғары екендігі белгілі емделушілерге абайлап тағайындайды, өйткені айқаспалы сезімталдықтың даму қаупі бар. Ампициллин қабылдаған, жұқпалы мононуклеозы және лимфолейкозы бар емделушілерде эритематозды бөртпенің байқалуына байланысты, мұндай емделушілерге ампициллин тобының антибиотиктерін қолданбау керек.

Зертханалық тест нәтижелеріне ықпал етуі
Бактоклавты қолданған кезде несептегі глюкоза деңгейін анықтауға Бенедикт реактивін немесе Феллинг ерітіндісін қолданғанда жалғаноң реакция болуы мүмкін (глюкозооксидазамен ферментативті реакцияларды қолдану керек).

Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктіліктің II - III триместрлерінде тек қатаң түрде көрсетілімдері бойынша немесе өмірге қауіп төндіретін жағдайларда, ана үшін шамаланған пайдасы ұрық үшін ықтимал қаупінен басым болған кезде ғана қолданылуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Дәрілік заттың жағымсыз әсерлерін ескеріп, автокөлікті немесе қауіпті механизмдерді басқарған кезде сақ болған жөн.

Дозировка и способ применения

Рекомендуемые дозы взрослым и детям старше 12 лет (или c массой тела более 40 кг) при легком или среднетяжелом течении инфекции назначают по 1 таб. - 375 мг каждые 8 ч, в случае тяжелого течения инфекции и при инфекции дыхательных путей по 1 таб. - 625 мг каждые 12 ч.

Максимальная суточная доза клавулановой кислоты составляет для взрослых - 600 мг, для детей - 10 мг/кг массы тела. Максимальная суточная доза амоксициллина составляет для взрослых - 6 г, для детей - 45 мг/кг массы тела.

Курс лечения составляет 5-14 дней. Продолжительность курса лечения определяется лечащим врачом. Лечение не должно продолжаться более 14 дней без повторного медицинского осмотра.

Пациенты с нарушенной функцией почек
У пациентов с почечной недостаточностью выведение клавулановой кислоты и амоксициллина через почки замедлено. При почечной недостаточности умеренной степени (КК 10-30 мл/мин) назначают по 1 таб. - 625 мг каждые 24 ч. При почечной недостаточности тяжелой степени (КК менее 10 мл/мин) - по 1 таб. - 375 мг каждые 24 ч.

У больных, находящихся на гемодиализе
Одна таблетка 625 мг или 2 таблетки 250мг/125 мг каждые 24 ч. Дополнительно 0,5 г во время и 0,5 г после диализа (для компенсации снижения сывороточных концентраций амоксициллина и клавулановой кислоты). Корректировки доз основаны на максимальной рекомендуемой дозе амоксициллина.
Ересектерге және 12 жастан асқан балаларға (немесе дене салмағы 40 кг-нан асатын) жеңіл немесе орташа ауыр өтетін жұқпаларда 375 мг-дық 1 таблеткадан – әрбір 8 сағат сайын, ауыр өтетін жұқпалар жағдайында және тыныс алу жолдарының жұқпаларында – 625 мг-дық 1 таблеткадан әрбір 12 сағат сайын.

Клавулан қышқылының ең жоғары тәуліктік дозасы ересектер үшін – 600 мг, балалар үшін – дене салмағының әр кг-на шаққанда 10 мг. Амоксициллиннің ең жоғары тәуліктік дозасы ересектер үшін – 6 г, балалар үшін – дене салмағының әр кг-на шаққанда 45 мг. Емделу курсы – 5-14 күн. Емделу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер белгілейді. Емдеудің ұзақтығы медициналық қайта тексерусіз 14 күннен аспауы тиіс.

Бүйрек қызметі бұзылған емделушілер
Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігіне шалдыққан емделушілерде клавулан қышқылының және амоксициллиннің бүйректер арқылы шығарылуы баяулаған. Бүйрек қызметінің орташа дәрежелі жеткіліксіздігінде (КК 10-30 мл/мин) 1 таблеткадан әрбір 24 сағат сайын 625 мг-дық тағайындайды. Бүйрек қызметінің ауыр дәрежелі жеткіліксіздігінде (КК минутына 10 мл-ден төмен) –1 таблетка әрбір 24 сағат сайын 375 мг-дық.

Гемодиализдегі науқастарда
625 мг-дық бір таблетка немесе 250мг/125 мг-дық 2 таблетка әрбір 24 сағат сайын. Диализ кезінде 0,5 г және диализден кейін 0,5 г қосымша (амоксициллиннің және клавулан қышқылының сарысулық төмен концентрациясының орнын толтыру үшін). Дозаларды түзету амоксициллиннің ең жоғары тиісті дозасына негізделген.

Взаимодействие с лекарствами

При одновременном применении Бактоклава и непрямых антикоагулянтов отмечается увеличение протромбинового времени. Поэтому данная комбинация назначается с осторожностью. При одновременном применении Бактоклав с аллопуринолом увеличивается риск развития таких побочных эффектов, как экзантема.

Дисульфирам: избегать одновременного назначения с препаратом Бактоклав.

Метотрексат: одновременное применение препарата Бактоклав усиливает токсичность метотрексата.

Комбинация Амоксициллина с рифампицином антагонистична (отмечается взаимное ослабление антибактериального действия).

Бактоклав не следует применять одновременно с бактериостатическими антибиотиками (макролиды, тетрациклины), сульфаниламидами из-за возможного снижения эффективности Бактоклава.

При одновременном применении Бактоклав снижает эффективность пероральных контрацептивов.

Антациды, содержащие алюминия, магния гидроокись, Н2-гистаминоблокаторы (циметидин, ранитидин), М-холиноблокаторы (пирензепин), пища: одновременный прием не оказывает существенного влияния на фармакокинетику препарата Бактоклав.

Бактоклав физически и химически несовместим с аминогликозидами.

Не рекомендуется одновременное назначение с макролидами, хлорамфениколом и тетрациклинами. Данная комбинация снижает эффективность амоксициллина.
Бактоклавты және әсері тікелей емес антикоагулянттарды бір мезгілде қолданған кезде протромбин уақытының артқаны білінеді. Сондықтан осы жиынтық сақтықпен тағайындалады. Бактоклавты аллопуринолмен бір мезгілде қолданған кезде экзантема сияқты жағымсыз әсерлердің даму қаупі артады.

Дисульфирам: Бактоклав препаратымен бір мезгілде тағайындамау керек.

Метотрексат: Бактоклав препаратын бір мезгілде тағайындау метотрексаттың уыттылығын күшейтеді.

Амоксициллиннің рифампицинмен жиынтығы қарама-қайшы (бактерияларға қарсы әсерін өзара әлсірететіні байқалады). Бактоклавты бактериостатикалық антибиотиктермен (макролидтермен, тетрациклиндермен), сульфаниламидтермен, Бактоклав тиімділігінің төмендеуі мүмкін болғандықтан, бір мезгілде қолданбаған жөн.

Бір мезгілде қолданған кезде Бактоклав пероральды контрацептивтерің тиімділігін төмендетеді. Құрамында алюминий, магний гидрототығы бар антацидтер, Н2-гистаминобөгегіштері (циметидин, ранитидин), М-холинобөгегіштері (пирензепин), тағам: бір мезгілде қолдану Бактоклав препаратының фармакокинетикасына елеулі ықпалын тигізбейді.

Бактоклав аминогликозидтермен физикалық және химиялық тұрғыдан үйлеспейді. Макролидтермен, хлорамфениколмен және тетрациклиндермен бір мезгілде тағайындамау керек. Осы жиынтық амоксициллиннің тиімділігін төмендетеді.

Передозировка бактоклавом в таблетках

Симптомы: боль в животе, диарея, рвота; возможно также возбуждение, бессонница, головокружение; в отдельных случаях - судороги.

Лечение - симптоматическое. Эффективен гемодиализ.
Белгілері: іштің ауыруы, диарея, құсу; сондай-ақ қозу, ұйқысыздық, бас айналу; жекелеген жағдайларда – құрысулар.

Емлдеу – белгілеріне қарай ем жүргізіледі. Гемодиализ тиімді.

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

Клавулановую киcлоту комбинируют с амоксициллином, так как фармакокинетические параметры обоих компонентов сходны и в комбинации они не влияют на фармакокинетику друг друга.

Оба компонента препарата быстро всасываются поcле перорального введения, одновременный прием пищи не оказывает существенного влияния на всасывание. Пики концентраций в плазме крови достигаются приблизительно через 45 минут поcле приема. Пик концентраций в жидкостях организма наблюдается через 1 час поcле достижения пика плазменных концентраций.

Биодоступность при приеме внутрь около 95%. Оба компонента характеризуются хорошим объемом распределения – высокие концентрации препарата обнаруживаются в мокроте, бронхиальном секрете, плевральной жидкости, легочной и жировой ткани, предстательной железе, матке, яичниках, жировой ткани и др. При менингите наблюдается проникновение через гематоэнцефалический барьер, но препарат плохо проникает через невоспаленные мозговые оболочки.

Амоксициллин и клавулановая киcлота проникают через плацентарный барьер и в низких концентрациях обнаруживаются в грудном молоке. Амоксициллин и клавулановая киcлота связываются с белками плазмы соответственно на 17-20 % и 22-30%.

Амоксициллин выводится, в основном, почками. Клавулановая киcлота активно метаболизируется в печени и выводится путем клубочковой фильтрации, частично в виде метаболитов.

Приблизительно 30%-40% препарата экскретируется с мочой, меньшая часть с калом и выдыхаемым воздухом через 6 часов после приема препарата.. Биологический период полувыведения составляет 1,5 часа для амоксициллина, и 0,8 - 1 час для клавулановой киcлоты.

При почечной недостаточности замедляется выведение препарата, период полувыведения у пациентов с клиренсом креатина 20 - 70 мл/мин - 2.6 часа, а при анурии – в пределах 3 – 4 часов, что требует коррекции режима дозирования (уменьшение доз или увеличение интервалов между приемами препарата). Препарат выводится при гемодиализе.
Клавулан қышқылын амоксициллинмен біріктіреді, өйткені екі компоненттің фармакокинетикалық параметрлері ұқсас және жиынтықта олар бір-бірінің фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді.

Препараттың екі компоненті де пероральды түрде енгізгеннен кейін тез сіңеді, бір мезгілде ас қабылдау оның сіңуіне елеулі ықпалын тигізбейді. Қабылдағаннан кейін шамамен 45 минуттан соң қан плазмасында концентрация ең жоғарғы шегіне жетеді. Организм сұйықтықтарында ең жоғары концентрация шегі плазмалық концентрация ең жоғары шегіне жеткеннен кейін 1 сағаттан соң байқалады.

Ішке қабылдағаннан кейінгі биожетімділігі – 95%-ға жуық. Екі компонент те жақсы таралу көлемімен сипатталады – препараттың жоғары концентрациялары қақырықтан, бронх секретінен, плевралық сұйықтықтан, өкпе және май тіндерінен, қуықасты безінен, жатырдан, анабезден, май тіндерінен және т.б. табылады. Менингитте гематоэнцефалиялық бөгет арқылы енгені байқалады, бірақ препарат қабынбаған ми қабықтары арқылы нашар өтеді.

Амоксициллин және клавулан қышқылы плацентарлы бөгет арқылы өтеді және емшек сүтінде төмен концентрацияларда табылады. Амоксициллин және клавулан қышқылы плазма ақуыздарымен, тиісінше, 17-20 % және 22-30%-ға байланысады.

Амоксициллин, негізінен, бүйректер арқылы шығарылады. Клавулан қышқылы бауырда метаболизденеді және шумақтық сүзілу арқылы, ішінара метаболиттер түрінде шығарылады.

Препаратты қабылдағаннан кейін 6 сағаттан соң оның шамамен 30% - 40%-ы несеппен бірге, аз бөлігі нәжіспен және тыныс арқылы шығатын ауамен бірге шығарылады. Биологиялық жартылай шығарылу кезеңі амоксициллин үшін 1,5 сағатты, және клавулан қышқылы үшін 0,8 - 1 сағатты құрайды.
Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінде препараттың шығарылуы баяулайды, жартылай шығарылу кезеңі креатинин клиренсі минутына 20 - 70 мл болатын емделушілерде – 2.6 сағат, ал анурияда – 3-4 сағат шамасында, ол дозалау режимін түзетуді (дозаны азайтуды немесе препаратты қабылдау арасындағы аралықты арттыруды) қажет етеді. Препарат гемодиализ кезінде шығарылады.

Фармакодинамика

Бактоклав - антибиотик широкого спектра действия, блокирует синтез пептидогликана оболочки микробных клеток (амоксициллин), ингибирует бета-лактамазы (клавулановая кислота). Клавулановая кислота образует стойкий инактивированный комплекс с указанными ферментами и защищает амоксициллин от потери антибактериальной активности, вызванной продукцией бета-лактамаз основными возбудителями и условнопатогенными микроорганизмами.

Активен в отношении грамположительных аэробов: Streptococcus pneumoniae, S.pyogenes, S.viridans, S.bovis, Staphylococcus aureus (кроме метициллинорезистентных штаммов), S.epidermidis (кроме метициллинорезистентных штаммов), Listeria spp., Enterococcus spp.

Грамотрицательные аэробы: Bordetella pertussis, Brucella spp., Campylobacter jejuni, E.coli, Gardnerella vaginalis, H.influenzae, H.ducreyi, Klebsiella spp., Moraxella catarrhalis, N.gonorrhoeae, N.meningitidis, Pasteurella multocida, Proteus spp., Salmonella spp., Shigella spp., Vibrio cholerae, Yersinia enterocolitica.

Анаэробы: Peptococcus spp., Peptostreptococcus spp., Clostridium spp., Bacteroides spp., Actinomyces israelii.

Амоксициллин действует бактерицидно, угнетая синтез бактериальной стенки. Клавулановая киcлота обладает более высоким, чем вводимый одновременно амоксициллин, сродством к бета-лактамазам и образует с ними стабильный комплекс, в результате чего предотвращает ферментативную деградацию амоксициллина и обеспечивает гарантированную возможность проявления его антибактериального действия. Бактерицидное действие Бактоклава охватывает широкий спектр грам-положительных и грам-отрицательных, аэробных и анаэробных возбудителей, в том чиcле и те их штаммы, у которых сформировалась устойчивость к бета-лактамным антибиотикам вcледствие продукции бета-лактамаз
Бактоклав - әсер ету өрісі ауқымды антибиотик, микроб жасушасы қабығындағы пептидогликан синтезін бөгейді (амоксициллин), бета-лактамазаны тежейді (клавулан қышқылы). Клавулан қышқылы аталған ферменттермен тұрақты әсерсіздендірілген жиынтық түзеді және амоксициллиннің бактерияларға қарсы белсенділігінің негізгі қоздырғыштардың және шартты-патогенді микроорганизмдердің бета-лактамаза өнімдері арқылы жойылуынан қорғайды.

Мына грамоң аэробтарға қарсы белсенді: Streptococcus pneumoniae, S.pyogenes, S.viridans, S.bovis, Staphylococcus aureus (метициллинге төзімді штамдардан басқасы), S.epidermidis (метициллинге төзімді штамдардан басқасы), Listeria spp., Enterococcus spp.

Грамтеріс аэробтар: Bordetella pertussis, Brucella spp., Campylobacter jejuni, E.coli, Gardnerella vaginalis, H.influenzae, H.ducreyi, Klebsiella spp., Moraxella catarrhalis, N.gonorrhoeae, N.meningitidis, Pasteurella multocida, Proteus spp., Salmonella spp., Shigella spp., Vibrio cholerae, Yersinia enterocolitica.

Анаэробтар: Peptococcus spp., Peptostreptococcus spp., Clostridium spp., Bacteroides spp., Actinomyces israelii.

Амоксициллин бактерицидті әсер етіп, бактериялық қабырғаның синтезін басады. Клавулан қышқылының, бір мезгілде енгізілетін амоксициллинге қарағанда, бета-лактамазаларға ұқсастығы жоғары және олармен тұрақты жиынтық түзеді, соның нәтижесінде амоксициллиннің ферментативті деградациясын болдырмайды және оның бактерияларға қарсы әсерінің білінуіне кепілді болу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бактоклавтың бактерицидтік әсері грам-оң және грам-теріс, аэробты және анаэробты қоздырғыштардың, соның ішінде бета-лактамаза өнімдері салдарынан бета-лактамды антибиотиктерге төзімділік қалыптастырған олардың штамдарының да ауқымды өрісін қамтиды.

Упаковка и форма выпуска

По 10 таблеток или 6 таблеток (для дозировки 375 мг и 625 мг), 8 таблеток (таблеток для дозировки 625 мг) и 4 таблетки (для дозировки 1000 мг) в контурной безъячейковой упаковке из фольги алюминиевой. По 1 или 3 контурных безъячейковых упаковок (по 6 таблеток для дозировки 325 мг и 625 мг), по 1 контурной безъячейковой упаковке (по 8 таблеток для дозировки 625 мг), по 2 контурных безъячейковых упаковок (по 10 таблеток для дозировки 325 мг и 625 мг), по 7 контурных безъячейковых упаковок (по 6 таблеток для дозировки 325 мг) и 3 контурных безъячейковых упаковок (по 4 таблетки для дозировки 1000 мг) вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках вкладывают в картонную коробку.
Алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада 10 таблеткадан немесе 6 таблеткадан (375 мг және 625 мг дозасы үшін), 8 таблеткадан (625 мг дозасы үшін) және 4 таблеткадан (1000 мг дозасы үшін). 1 немесе 3 пішінді ұяшықсыз қаптамадан (325 мг және 625 мг дозасы үшін 6 таблеткадан), 1 пішінді ұяшықсыз қаптамадан (625 мг дозасы үшін 8 таблеткадан), 2 пішінді ұяшықсыз қаптамадан (325 мг және 625 мг дозасы үшін 10 таблеткадан), 7 пішінді ұяшықсыз қаптамадан (325 мг дозасы үшін 6 таблеткадан) және 3 пішінді ұяшықсыз қаптамадан (1000 мг дозасы үшін 4 таблеткадан) медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерідегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.